Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

29.10.2026

Жарияланымдар · 12

Қостанай облысында білім беру ұйымдарының аумағында жеміс бақтары құрылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» ауқымды экологиялық жобасы іске асырылуда. Жоба экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуге және балалар мен жастарды туған өлкені көгалдандыру ісіне тартуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы ел тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба болмақ – Олжас Бектенов

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруға дайындыққа, оның барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру қажет екеніне назар аударды.

Жаңалықтар

Бүгін күзет ұйымдарының жұмыскерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанда Кәсіпкерлер күні атап өтіледі

Шағын отбасылық кәсіпорындардан бастап ірі өндірістік компанияларға дейінгі бизнес өкілдері елдің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бүгінде Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің саны шамамен 3,2 миллионға жетті. Бұл көрсеткіштің артында жаңа өндіріс орындарын ашып, жұмыс орындарын құрып, отандық тауарлар мен қызметтердің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі тұр.

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясын ашты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты.

Жаңалықтар

Жастар практикасы арқылы 22 мыңға жуық жас маман еңбек жолын бастады

Қазақстанда жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған жастар практикасы бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2026 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 21 981 жас маман жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін қатысушылар санын 25 мың адамға жеткізу жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жаңалықтар

Әуеде де интернет қолжетімді: Air Astana спутниктік интернетпен алғашқы рейсін орындады

Бүгін Алматыдан Ташкентке Air Astana әуе компаниясының бортында жоғары жылдамдықты спутниктік интернет орнатылған алғашқы ұшағы ұшты. Wi-Fi жүйесі EI-KGB тіркеу нөмірі бар Airbus A321LR ұшағына орнатылды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Жаңалықтар

Түркістан облысында қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

Түркістан облысында бес елдің шеберлері қатысатын «Ұлы Жібек бойындағы керамика өндірісі: дәстүр, технология және жаңғыру» тақырыбындағы халықаралық жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Жаңалықтар

Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту, арнайы ұйымдар желісін кеңейту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу үшін мамандар даярлау жалғасуда. Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жаңа форматтағы арнайы мектептер салу көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады.

Жаңалықтар

Қазақстанда геологиялық барлаудың 20 жобасы және жаңа ауқымдағы түсірілім іске қосылады

Елімізде алғаш рет 1:50 000 масштабтағы геологиялық түсірілім басталды, сондай-ақ саланы ауқымды цифрландыру жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан хабарлады.

Жаңалықтар

Цифрлық экономиканы дамыту және азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту

Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев халықтың табысын арттыру үшін цифрлық платформаларды, электронды коммерцияны және жұмыспен қамтудың заманауи құралдарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтар

«Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысушылар оқыған шығармалары туралы 40 мыңнан астам бейнепікір жариялады

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысушылар оқыған кітаптары туралы 40 мыңнан астам бейнепікірді тексеруге жолдады. Бұл ретте Астана қаласының, Жамбыл және Қызылорда облыстарының тұрғындары белсенділік танытты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Жаңалықтар