Бұл кәсіби мереке күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мүліктің сақталуына жауапты қызметкерлерді біріктіреді. Күзет саласындағы жұмыс жоғары жауапкершілікті, қырағылықты және шұғыл шешім қабылдай білуді талап етеді. Қызметкерлердің кәсібилігі, сақтығы мен үйлесімді іс-қимылы қазақстандықтардың өмірі мен еңбек етуіне қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Бүгін күзет ұйымдарының жұмыскерлері кәсіби мерекесін атап өтеді