Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

02.11.2026

Жарияланымдар · 13

20 жылда ОАӨЭЫ елдерінен Қазақстанға $30 млрд-тан астам инвестиция тартылды

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) елдерімен тауар айналымы $8,8 млрд-қа жетіп, 14,4%-ға өсті. Ал 2005 жылдан бері ел экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі $30 млрд-тан асты. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алматыда Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екінші Тянь-Шань форумының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жаңалықтар

Олжас Бектенов жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының автомобиль жолдары саласын реформалау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы бойынша кеңес өткізді. Жиында Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттер аясында жол құрылысының сапасын арттыру және заманауи автомобиль жолдары желісін қалыптастыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жаңалықтар

Маңғыстау облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 33 млн теңгеден астам өнімді сатты

Астанада Creative Aimaq жобасы аясында Qazaq Creative Hub алаңында ұйымдастырылған «Маңғыстау: Тамыр. Талғам. Креатив» атты екі күндік жәрмеңке аяқталды. Іс-шара қорытындысында 33 млн 260 мың теңгенің өнімі сатылды.

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

Мемлекет басшысына Қарағанды облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және өңірді одан әрі жаңғырту жоспары туралы ақпарат ұсынылды.

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Qarmet» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауға жұмыс сапары барысында «Qarmet» акционерлік қоғамының ұжымымен және кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.

Жаңалықтар

Президент Qarmet компаниясының жаңа сұрыпты прокат кешенінің құрылыс алаңында болды

Өндіріс кешені іске қосылғанда жылына 540 мың тоннадан астам дайын өнім шығарады. Жобаның технологиялық серіктесі – қытайлық CERI инжиниринг компаниясы.

Жаңалықтар

Мемлекет басшысына №8 және №9 жаңа кокс батареяларының құрылысы жөнінде баяндалды

Президентке аталған жоба Qarmet компаниясының ірі инвестициялық бастамаларының қатарына енетіні айтылды.

Жаңалықтар

Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жалғасуда

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Амур есімді аталық жолбарыс табиғи мекендеу ортасына жіберілді. Ол Қазақстанда жолбарыстарды қайта жерсіндіру бағдарламасы аясында жабайы табиғатқа шығарылған екінші жолбарыс атанды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Qarmet болат балқыту өндірісінің негізгі буыны саналатын конвертер цехы жөнінде баяндалды.

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты

Мемлекет басшысы трамваймен Республика даңғылынан «Инженер» аялдамасына дейін жүріп өтіп, атқарылған істің сапасын және жаңартылған көлік инфрақұрылымының пайдалануға толығымен әзір екенін көрді.

Жаңалықтар

Мемлекеттік қолдау аграрлық саланың техникалық әлеуетіне тың серпін берді: жеңілдетілген лизинг көлемі 350 млрд теңгеге жетті

Елімізде шаруалардың заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға көрсетіліп жатқан қолдау жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы жеңілдетілген лизинг бағдарламасына бөлінетін қаржы көлемі 350 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Әсіресе, шағын және орта шаруашылық иелері бағдарламаның игілігін көріп отыр. Мәселен, былтыр лизинг алушылардың 99,9 пайызы осы санаттағы кәсіпкерлер болды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жаңалықтар

Алматының электр желілерінде экшн-камералар енгізілді

Энергетика министрлігі энергетикалық инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Жаңалықтар

Өңірлерде жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындары пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жаңа өнеркәсіп өндірістері, денсаулық сақтау нысандары, жол желісі және әлеуметтік сала нысандары  пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жаңалықтар