Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

03.11.2026

Жарияланымдар · 12

Қазақстанда 625 ұйым арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге лицензия алған

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. 2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мұндай қызмет көрсетуге 625 ұйым лицензия алған. Оның ішінде 463-і – коммуналдық мемлекеттік мекеме, 162-і – үкіметтік емес ұйым. Жалпы берілген лицензия саны – 707, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жаңалықтар

Әсел Жанасова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды

Жаңалықтар

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымынан босатылды

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компанияның қазіргі қызметі және стратегиялық міндеттердің жүзеге асырылуы жөнінде баяндады.

Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің 2026 жылғы нәтижелері және алдағы жылдарға арналған жоспары жөнінде есеп берілді.

Жаңалықтар

Қазақстанда 500-ге жуық жаңа атаудағы дәрілік препарат өндіріледі

Қазақстанда сегіз ірі инвестициялық жоба аясында 494 атаудағы дәрілік препарат өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Жобаларды іске асыру отандық дәрі-дәрмек өндірісін кеңейтуге, 1 200-ден астам жұмыс орнын ашуға және елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Жаңалықтар

Дәурен Мұратбеков ҚР Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымынан босатылды

Жаңалықтар

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

Жаңалықтар

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға 6,5 трлн теңге бағыттау жоспарлануда

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын ұсынды. Құжат 12 бағыт бойынша 96 іс-шараны қамтиды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

Жаңалықтар

Лондонда Alatau City бойынша $1,3 млрд сомасындағы 9 келісімге қол қойылды

Лондонда Alatau City Investment Roundtable инвестициялық дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара Алатау қаласын дамытуға халықаралық капитал тартуға бағытталған еуропалық роуд-шоудың бастамасы болды. Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды, деп хабарлайды Primeminister.Kz.

Жаңалықтар

Алматыдағы №2 ЖЭО-да газдағы жаңа су жылыту қазандығы жылу бере бастады

Алматыдағы №2 жылу электр орталығында көмірдің орнына табиғи газбен жұмыс істейтін жаңа су жылыту қазандығы жылу бере бастады. Нысанның іске қосылуы станцияны ауқымды жаңғырту және көмірден табиғи газға көшіру жұмыстарының кезекті маңызды кезеңі болды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Жаңалықтар