Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

04.11.2026

Жарияланымдар · 6

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Network School жобасының Қазақстандағы технологиялық экожүйенің қалыптасуына қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Жаңалықтар

Лондонда Alatau City инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру тетіктері талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Ұлыбритания Үкіметінің, UK Export Finance (UKEF) экспорттық-кредиттік агенттігінің, халықаралық банктердің және білім беру ұйымдарының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Негізгі тақырыптар – Alatau City инфрақұрылымын қаржыландыру, британдық технологияларды тарту, сондай-ақ білім беру мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жаңалықтар

Атырау облысының балық шаруашылығына 25 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығын дамыту, тауарлы балық өсіру көлемін ұлғайту, өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын жаңғырту және балық ресурстарын сақтау бағытында кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл әсіресе Атырау облысында белсенді қолға алынуда.

Жаңалықтар

Астанада «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында «Оқитын ұлт – өркениетке бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Жаңалықтар

Еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орнын сақтап, үш университеті рейтингтің алғашқы жүздігіне енген өңірдегі жалғыз мемлекет атанды. Биылғы рейтингке еліміздің 51 жоғары оқу орны енгізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жеті университетке артық, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Жаңалықтар

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпазы атанған 20 отбасы марапатталды

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда еліміздің әр өңірінен адал еңбегімен және ұрпақ тәрбиесіндегі өнегесімен көпке үлгі болған 20 отбасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Жаңалықтар