Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

05.11.2026

Жарияланымдар · 5

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті.

Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе рейстерінің жиілігін арттыру туралы келісімге келді

Ташкент қаласында «Қытай – Орталық Азия» (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы конференциясы аясында Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік өкілдері арасында екіжақты келіссөздер өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева басқарды. Өзбекстан тарапынан келіссөздерге Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігінің Әуе көлігі басқармасының басшысы Джамолиддин Назаров қатысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

Жезқазғанда онкология орталығы мен жаңа емхана салынады

Жезқазған қаласында 100 төсектік онкология орталығы және бір ауысымда 250 адам қабылдайтын заманауи емхана салынады. Жаңа нысандар Ұлытау облысының тұрғындарына медициналық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға мүмкіндік береді. Онкология орталығының құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасының шеңберінде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Жаңалықтар

Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы су нысандарын мониторингтеуге арналған жабдықтарын кеңейтті

Астанада су ресурстары туралы деректерді жинау және талдау мақсатында Ситуациялық орталық ашылды. Ол Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) қолдауымен «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ базасында құрылды. Орталықтың ашылу салтанатына Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов, Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі Кристина Хонеггер, GIZ ұйымының өңірлік жобаларының жетекшісі Каролина Милов және орталықтың басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла қатысты, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанда Сыртқы барлау күні атап өтіледі

Жаңалықтар