Күн жаңалықтары
06.11.2026
Жарияланымдар · 2
Қазақстанда ҚТҚ-мен жұмыс істеу саласында 67 жоба іске асырылуда
Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтармен (ҚТҚ) жұмыс істеу саласында инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қуаттарды құру мен жаңғыртуға, мамандандырылған техника паркін жаңартуға, сондай-ақ оларды кәдеге жаратудың жаңа технологияларын енгізуге басты назар аударылады. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев хабарлағандай, 2024 жылдан бастап жалпы сомасы 350 млрд теңгеге 67 жоба мақұлданды. Оның ішінде 15 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді.
Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру барысы туралы кеңес өткізді. Жоба Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық экономиканы қалыптастыру және еліміздің цифрлық өзгерісін жеделдету жөнінде қойған міндеттеріне сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.