Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

12.11.2026

Жарияланымдар · 16

Оқу бағдарламаларының басым бөлігіне ЖИ элементтері енгізілді

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін цифрландыру және оқу үдерісіне жасанды интеллект элементтерін толықтай енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Еліміз алдағы 3-4 жыл ішінде толыққанды цифрлық ұлтқа айналуды мақсат етіп отыр. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік жетекші университеттердің филиалдары ашылып, отандық жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы кеңейтілуде

Қазақстанда жоғары білім беру сапасын арттыру және халықаралық стандарттарды енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Жаңалықтар

Қазақстан университеттері халықаралық рейтингтерде рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді

Қазақстанның жоғары оқу орындары беделді халықаралық рейтингтерде айтарлықтай жоғарылап, тарихи рекордтар орнатты.

Жаңалықтар

Қазақстанда кәсіпорындар мен министрліктердің қатысуымен ауқымды зерттеу жүргізіліп, білім беру бағдарламалары жаңартылды

Қазақстанда елдегі жоғары білім беру жүйесін еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру мақсатында үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Еліміздегі 73 мыңнан астам жекеменшік және мемлекеттік компаниялар, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі жан-жақты зерттеліп шықты. Осы ауқымды сауалнама нәтижелері негізінде алдағы 3-5 жылға арналған кадрлық тапшылықтар айқындалды. ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Жаңалықтар

Өндірісте жүрген жас мамандарға арналған 3 жылдық қолданбалы докторантура бағдарламасы ашылды

Елімізде инженерлік білім беру моделі толығымен жаңартылды. ЮНЕСКО тарапынан ұсынылған «Work-based learning» (WBL) әдістемесі арқылы инженерлік университеттер қолданбалы оқыту форматына көшті. Әрбір инженерлік жоғары оқу орнының жанынан арнайы полигондар мен өндірістік орталықтар ашылып жатыр. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Жаңалықтар

Қазақстанда жоғары білім алуға қолжетімділік артып, шетелдік студенттер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстанда жоғары білім беру саласында айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: жобалар су шығынын азайтып, суармалы жер көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» ауқымды бағдарламасы аясында су шаруашылығы нысандарын салу, реконструкциялау және жаңғырту жобалары жүзеге асырылады. Барлық іс-шара Су ресурстарын дамытудың кешенді жоспары мен Су ресурстарын басқару тұжырымдамасында қарастырылған. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында журналистің сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Жаңалықтар

Биыл 2,3 мың шақырымнан астам канал тазартылды

2026 жылы 82 коммуналдық және 36 республикалық нысанда көпфакторлы зерттеп-қарау жұмысы жүргізілуде. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 1,5 есе, ал 2025 жылғы көрсеткіштен 3 есе артық. Жалпы, 2030 жылға дейін 557 нысанға көпфакторлы зерттеп-қарау жұмысын жүргізу көзделген.

Жаңалықтар

Қ. Сәтбаев атындағы каналда 19 сорғы агрегаты кезең-кезеңімен ауыстырылады

2024 жылы Қ. Сәтбаев атындағы каналды жаңғырту туралы шешім қабылданды. Оның шеңберінде 2028 жылдың соңына дейін 19 сорғы агрегатын ауыстыру көзделген, деді ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов. Бірінші кезең аясында 2024 жылы «Қазсушар» РМК тарапынан 5 сорғы агрегатын реконструкциялау бойынша 5 жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2025 жылы аталған жобаларды іске асыру басталды.

Жаңалықтар

Солтүстік Арал теңізі бассейнінде 2,2 мың шақырым канал қалпына келтіріліп, 1,4 мың шақырым суару жүйесі автоматтандырылады

Түркістан және Қызылорда облыстарында «Солтүстік Арал теңізі және ирригациялық жүйелерді жаңғырту» жобасын іске асыруды бастау бойынша жұмыс жүргізілуде. 1-кезең аясында 131 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Жоба Үкіметтің Үйлестіру кеңесінің отырысында мақұлданды. Жобаны іске асыру мерзімі – 2027–2030 жылдар.

Жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 3,2 мың шақырым канал мен 1,4 мың шақырымнан астам дренаж жүйесі қалпына келтірілді

Қазақстанның оңтүстік облыстарында суармалы алқаптардағы ирригация-дренаж жүйелерін реконструкциялауды көздейтін «Ирригация-дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының 2-кезеңі» жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында жалпы аумағы 105 065 гектар суармалы жердегі ирригация-дренаж жүйелерін реконструкциялау қарастырылған. ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімовтің айтуынша, қазіргі уақытта 11 жобалық аймақтың 8-і бойынша жұмыс аяқталды, қалған 3 жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Жаңалықтар

Қазақстанда 4,6 мың шақырымнан астам канал реконструкцияланып жатыр

2024-2025 жылдары жалпы ұзындығы 1,4 мың км-ден асатын 190 каналдың, 5 су қоймасының, 8 гидротехникалық құрылыстың және 945 мыңнан астам халқы бар 321 елді мекенді қамтыған ауыз сумен жабдықтау жөніндегі 22 нысанның реконструкциясы аяқталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов хабарлады. Оның айтуынша, биыл 142 ауылдық елді мекенді және шамамен 540 мың адамды қамтитын ауыз сумен жабдықтау нысандарын салу және жөндеу бойынша 12 жобаны аяқтау көзделген.

Жаңалықтар

Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады. Бұл мақсатқа Инфрақұрылымды дамыту қорынан 5,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде медициналық жабдықтар сатып алуға шамамен 800 млн теңге қарастырылған. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген өңірлерде денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жаңалықтар

АШМ оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында агросыныптар желісін кеңейтуде

Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық кәсіпорындармен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп, оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру және олардың заманауи ауыл шаруашылығына қызығушылығын арттыру мақсатында агросыныптар желісін дамытып келеді.

Жаңалықтар

Энергомин Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасының іске асуын үйлестіруде

ҚР Энергетика министрлігінде жылына 5 млрд текше метрге дейін газ өңдеу қуаттылығы бар Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Анталиядағы COP31 саммитіне қатысты

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Анталияда (Түркия) өтіп жатқан БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 31-ші конференциясының (COP31) жұмысына қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жаңалықтар