Күн жаңалықтары
13.11.2026
Жарияланымдар · 6
Қазақстан мал шаруашылығында америкалық озық технологияларды пайдаланатын болады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында жасаған мәлімдемесі
Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты. Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай.
IVY-2026: Уругвай волонтерлікті дамыту жөніндегі Қазақстанның бастамасына қосылды
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында ұсынған бастама кең қолдау тапты. Қазақстанның ұсынысын 60-тан астам ел қолдап, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде волонтерліктің маңызы зор екенін растады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Германияда Қазақстан киносы күндері өтті
Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті. Бағдарлама аясында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Жерұйық» көркем фильмдері көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда 1000 төсек-орындық бес жаңа балалар ауруханасы салынады
Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 1000 төсектік бес заманауи көпбейінді балалар ауруханасы салынады. Жаңа медициналық мекемелер Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент және Қаскелең қалаларында бой көтереді. Бұл мыңдаған балаға ем алу үшін басқа өңірлерге бармай-ақ, тұрғылықты жеріне жақын жерде мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі 8%-ға артты
2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 31,8 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға жоғары. Былтыр осы кезеңде 29,4 млн тонна жүк тасымалданған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.