Күн жаңалықтары
17.11.2026
Жарияланымдар · 13
Үкіметте Мемлекет басшысының туризм мен спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында берген туризм мен спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Олжас Бектенов отандық өндірушілердің «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды
Үкімет отырысы барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Олжас Бектенов отандық кәсіпорындардың «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуына және импортты алмастыратын өндірістерді дамытуға ерекше назар аударды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстан АӨК-ті мемлекеттік қолдау көлемін ұлғайтып келеді
Соңғы үш жылда Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне (АӨК) бөлінетін жеңілдетілген қаржы көлемі он еседен астам өсті. Атап айтқанда, 2023 жылғы 140 млрд теңгеден 2026 жылы 1,5 трлн теңгеге жетті. Қаржыландыру көлемінің артуы мемлекеттік қолдаудың аясын кеңейтуге, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен мал шаруашылығын дамытуға тың мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанда теміржол желісін жөндеу жұмыстары жалғасуда
Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде ағымдағы жылға жоспарланған 1 577 шақырым теміржолдың 1 506 шақырымы жөнделді. Бірқатар учаскелерде жұмыстар әлі де жалғасуда.
Creative Aimaq: 1000 креатор, 85 мың келуші және 200 млн теңгелік сауда
Қазақстанның 18 өңіріндегі шығармашылық кәсіпкерлердің басын қосқан Creative Aimaq республикалық жобасы қорытындыланды. 13 маусым мен 1 қараша аралығында жоба аясында өткен өңірлік жәрмеңкелерге 1000 креатор қатысты. Жәрмеңкелерге 85 мың адам келіп, жалпы 200 млн теңгенің өнімі сатылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстанда AI форматында цифрлық қызмет көрсету орталықтары ашылуда
Қазақстанда азаматтар цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект көмегімен мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын жаңа форматтағы 9 цифрлық кеңсе жұмыс істеп тұр. Олар Астана, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Сәтбаев, Орал, Петропавл, Қарағанды және Тараз қалаларында ашылған, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Қазақстанда мұнай-газ саласы үшін 37,7 млрд теңгеге 15 жаңа өндіріс іске қосылуда
Қазақстанда мұнай-газ саласында барынша сұранысқа ие түпнұсқа тауарлардың әлемдік және қазақстандық өндірушілерімен бірлесіп 15 жаңа өндірісті локализациялау жұмыстары жүргізілуде. Жобалардың жалпы құны 37,7 млрд теңгені құрайды. Жобалар мұнай-газ саласында сұранысқа ие өнім шығаруды кеңейтуге, жұмыс орындарын ашуға және жергілікті өндірістік құзыреттерді дамытуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Қазақстан отандық құрылыс материалдарының үлесін үш жылда 80%-ға дейін ұлғайтады
Ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдарының үлесі үш жыл ішінде қазіргі 73%-дан 80%-ға дейін ұлғаяды. Ол үшін жаңа өндірістерге инвестициялар тарту және құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде қазақстандық өнімнің басымдығын қамтамасыз ету жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Қазақстанда өндіріс көлемі 10 айда 9,3%-ға өсті – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» Жолдауында айтылған отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде 2026 жылы елімізде жалпы инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгеден асатын 200 жаңа кәсіпорын іске қосылатын болады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Биыл 45,5 мыңнан астам адамның ауыз сумен қамтылуын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылды
Биыл ауылдық елді мекендердің ауыз сумен қамтылуын жақсарту мақсатында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша бірқатар жоба аяқталды. Жұмыстар Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарындағы халқының жалпы саны 45,5 мыңнан асатын 14 ауылды қамтыды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Қазақстан COP31 аясында қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптарының 31-конференциясы (COP31) аясында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) жоғары деңгейдегі министрлік дөңгелек үстелі өтті. Отырыс барысында қатысушылар климаттық және экологиялық күн тәртібіндегі негізгі бағыттар бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
1,3 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Қазақстанда пайдаланылмай жатқан, сондай-ақ заңнама талаптары сақталмай игеріліп жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың басынан бері Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері мыңнан астам жоспардан тыс тексеру жүргізді, ол 1 млн гектардан астам аумақты қамтыды. Нәтижесінде 1,3 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бүгін Халықаралық студенттер күні атап өтіледі
Жыл сайын 17 қарашада әлемнің көптеген елінде Халықаралық студенттер күні атап өтіледі. Бұл күн студенттер қауымдастығының бірлігін, қолжетімді әрі сапалы білімнің, тең мүмкіндіктер мен жастар бастамаларын қолдаудың маңызын білдіреді.