Күн жаңалықтары
18.11.2026
Жарияланымдар · 10
Көкшетауда жылына 60 млн дана кірпіш шығаратын зауыт салынуда
Кәсіпорынды 2027 жылы іске қосу жоспарланған. Жоба аясында 200 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Бұл бастама өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып, құрылыс саласын отандық материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.
Түркістан облысында қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды
Түркістан облысының Шардара ауданында «Қазкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу зауыты жұмысын бастады. Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 150 мың тонна шикізат. 500 жұмыс орны құрылған. Зауыт іс жүзінде қалдықсыз өндірісті қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталған: жүгеріні өңдеу тереңдігі 98%-ға жетеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Мемлекет басшысы АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады
Президент өзінің Америка Құрама Штаттарымен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады.
СҚО-да 102 мың шаршы метрді құрайтын ірі логистикалық орталық салу жоспарлануда
Петропавл қаласында KYZYLZHAR HUB халықаралық көлік-логистикалық кешенінің құрылысына 29 млрд теңгеден астам инвестиция салу жоспарлануда. Жоба аясында тауарларды сақтау, өңдеу және таратуға арналған заманауи инфрақұрылым, оның ішінде Ozon және Alibaba сияқты ірі электрондық сауда алаңдарының тауарларымен жұмыс істеуге арналған нысандар құру көзделген, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында ортақ тарихқа, тату көршілікке, сондай-ақ қос халық арасындағы өзара құрмет пен берік байланысқа негізделген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының айрықша сипатына назар аударды.
Астанада KAZTRAFFIC-2026 халықаралық көрмесі ашылды
Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында XXII «Kaztraffic-2026» халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Көлік министрлігінің өкілдері, сала ұйымдары мен халықаралық кәсіби қауымдастық мүшелері қатысты, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстан Каспий теңізін сақтау жөніндегі өңірлік ынтымақтастықты нығайтуды жақтады
Қазақстан Каспий теңізінің экожүйесін сақтау және оның деңгейінің төмендеуіне қарсы іс-қимыл мақсатында халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін растады. Халықаралық кездесуде сөз сөйлеген қазақстандық тарап орташа жылдық температураның өсу қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштерден 2,5 есе асатын Каспий өңіріндегі климаттық өзгерістердің үдеуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қазақстанда күнбағыс майын өндіру көлемі 57%-ға артты
Қазақстанның май өңдеу кәсіпорындары ағымдағы маркетингтік маусымның алғашқы екі айында 141 мың тоннадан астам өсімдік майын өндірді. Бұл өткендегі сәйкес кезеңмен салыстырғанда 39%-ға жоғары, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстан мен Мальдив аралдары елдер арасындағы әуе рейстерінің санын екі есеге арттыруға келісті
Монреаль қаласында (Канада) өткен ИКАО-ның Әуе көлігі жөніндегі жетінші дүниежүзілік конференциясы (ATConf/7) аясында ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мен Мальдив Республикасы Азаматтық авиация басқармасының төрағасы Абдул Харис мырзаның кездесуі өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, әуе қатынасы мен туристік байланыстарды кеңейту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.