Күн жаңалықтары
19.11.2026
Жарияланымдар · 11
Президент халықаралық ұйымдар және жетекші шетелдік университеттер басшыларымен өткен дөңгелек үстелге қатысты
Мемлекет басшысы бұл жиын серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және жоғары білім саласындағы III Стратегиялық серіктестер форумына қатысты
Мемлекет басшысы Форумның өзектілігіне тоқталып, ғылыми қоғамдастық өкілдерін алдағы ауқымды өзгерістерге дайын болуға шақырды.
Қазақстан әлемдік спорт қауымдастығындағы сенімді серіктес ретінде өз орнын нығайтып келеді
Еліміз ірі халықаралық жарыстарды өткізуге сұранысқа ие алаңға айналуда. 2026 жылы Қазақстанда бірқатар ірі спорттық жарыс өтті. Олардың қатарында стенд атудан және бочча спортынан Әлем кубогінің кезеңдері, семсерлесуден халықаралық жарыстар, сондай-ақ дзюдодан Grand Slam турнирі бар. Астанада өткен «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық жарысы да маңызды оқиғалардың бірі болды. Турнирге әлемнің 50-ден астам елінен 800-ден астам спортшы 8 спорт түрі бойынша қатысты. ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстандағы маңызды жарыстарға тоқталып өтті.
Бүгінде Қазақстанда 228 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секциясына тегін қатысады
Балалар спортын қолдау – Туризм және спорт министрлігінің басты басымдықтарының бірі. Бүгінде 1,8 млн бала мен жасөспірім спортпен тұрақты айналысады. Бұл – олардың жалпы санының 34,6%-ы. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 45%-ға жеткізу жоспарда бар. Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру жалғасуда. 228 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секциясына тегін қатысады. Оған 50 млрд теңге қарастырылған. Ведомство басшысы Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында осылай деді.
2029 жылға қарай спортпен тұрақты айналысатын халықтың үлесін 50%-ға жеткізу көзделген
Бұқаралық спортты дамыту - мемлекеттік спорт саясатының басты басымдықтарының бірі. Бүгінде 8,5 млн адам дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысады. Оның 3 млн-нан астамы – ауыл тұрғындары. Осылайша, спортпен тұрақты айналысатын халықтың үлесі 44,5%-ға жетті. Дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу қажет. Елімізде жыл сайын әртүрлі деңгейдегі 25 мыңнан астам бұқаралық спорттық іс-шара өткізіледі. Оларға 1,2 млн адам қатысады. Оның ішінде 500 мыңнан астамы - ауыл тұрғындары. Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Легионерлерден үнемделген қаражат балалар спортын дамытуға бағытталды
Дене шынықтыру мен спортты дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл – халық денсаулығын нығайтудың тиімді жолы және Қазақстанның халықаралық беделін арттыратын маңызды сала. Мемлекет басшысының тапсырмасымен соңғы жылдары спорт саласындағы заңнамаға елеулі өзгерістер енгізілді. Биыл наурыз айында балалар спортын қолдау мәселелері бойынша Заңға қол қойылды. ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
eQonaq жүйесінде 6 млн-нан астам шетелдік қонақ пен 1 млн-нан астам орналастыру орны тіркелген
Туристерді тартудың маңызды құралдарының бірі - оқиғалы туризм. 2025 жылғы желтоқсанда іс-шаралардың 2026 жылғы күнтізбесі жасалды. Жоспарланған 55 іс-шараның 47-сі өткізілді. Оларға 1,1 млн-нан астам адам қатысты, ал ақпараттық қамту көлемі 270 млн қолданушыны құрады. Олардың ішінде Сиверс алмасының гүлдеу фестивалі, PGL киберспорт турнирі, Алматы облысындағы «Қымызмұрындық» мерекесі және Шығыс Қазақстан облысындағы «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі бар. Бұл жайлы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қазақстан халықаралық туристік нарықтағы әлеуетін арттырып, шетелдік туристерді тартуда
Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық нарықта таныту – жауапты ведомство жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Еліміздің танымалдығын арттыру үшін түрлі ақпарат тарату арналары қолданылады. Олардың қатарында тележобалар, шетелдік басылымдар мен интернет-ресурстардағы жарияланымдар, сондай-ақ цифрлық жарнама науқандары бар. Нәтижесінде ақпараттық қамту көлемі 2,4 млрд қаралымнан асты. 11 халықаралық басылымда 14 мақала жарық көрді. Олардың жалпы қаралымы 50 млн-ды құрады. Бұны ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Еліміздің Туризмді дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары жаңартылды
Құжатты әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің және туристік бизнес өкілдерінің ұсыныстары ескерілді. Нәтижесінде негізгі бағыт бойынша 66 іс-шарадан тұратын жоспар жасалды. Негізгі назар инфрақұрылымды дамытуға, инвестиция тартуға, визалық саясатты жетілдіруге, жаңа туристік өнімдер жасауға, Қазақстанды халықаралық нарықта танытуға және білікті мамандар даярлауға аударылды. Бұны ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Туристік қызметтен түскен салық түсімдері 303 млрд теңгеге жетті
Еліміздің туризм саласында оң өсім сақталып отыр. Негізгі көрсеткіштер өсіп, туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі артып келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында орналастыру орындарында 5 млн-ға жуық адамға қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5%-ға көп. Көрсетілген қызмет көлемі 15%-ға өсіп, 173,7 млрд теңгені құрады. Туризм ел экономикасындағы орнын нығайтып келеді. ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
Астанада ауыл мектептерінің 433 оқушысы республикалық олимпиаданың финалында бақ сынап жатыр
16–20 қараша аралығында Астанада ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қорытынды кезеңі өтуде. Еліміздің барлық өңірінен келген 10–11-сынып оқушылары екі турда жеті пән бойынша білімін сынайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.