Министрге бірден вакцинаға, жалпы иммундау науқанына деген сенім және оның отбасы мүшелері екпе жасатты ма деген сұрақ қойылды.


«Өткен жылы шілде айының соңында-тамыздың басында мен вакцина алдым. Жалпы, мен жыл сайын екпе жасататын адамдар санатына жатамын. Өткен жылы маған бірден 3 вакцина алуға тура келді - біріншісі отандық «QazVac» вакцинасы болды, содан кейін тұмау мен пневмококк вакцинасын алдым. Меніңше, вакцина адамзаттың ең үлкен өнертабысы, сондықтан мен барлығын вакциналарға, ғылымға сенуге шақырамын. Менің отбасыма келетін болсақ, олар міндетті түрде вакцина алады деп ойлаймын. Мәселе басқада, олар да басқа азаматтарымыз сияқты өз кезегін күтуде және уақыт келгенде оларды шақырады, олар кезек-кезек егіліп, вакцина алады», - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ, ол бұл мәселеде әріптестерін қолдайтынын жеткізді.


«Менің әріптесім - денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, барлық егілгендердің шамамен 17%-ы - біздің педагогтар. Олар бұл процеске белсенді қатысуда деп айта аламын. Олар бәрін де түсінеді деп ойлаймын», - деп түйіндеді еліміздің бас педагогы.