Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру, олардың жұмысын тиімді ету үшін құзыретін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, заңға өзгертулер енгізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі барысында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.
«Қазір ауылдарда учаскелік инспекторлар жетіспейді. Кей жерде 3-4 ауылға бір қызметкер жауапты. Осыған байланысты, ішкі резерв есебінен учаскелік инспектор көмекшісі лауазымын енгізу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдамен бірге, учаскелік пункттер салу жоспарлануда. Өз аумағына жақын болуы үшін ауылдық жерлерде – учаскелік пунктер тұратын үймен бірге салынады. Ал қалаларда тұрғын үй кешендерінде орналасады», - деді министр.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!