Тіркелген істерді талдау көрсеткендей, осындай жағдайларда алаяқтар абоненттік нөмірді ауыстыруға арналған арнайы сервистерді белсенді пайдаланады. Яғни, орнатылған бағдарламаның көмегімен шынайы абоненттік нөмір басқасына өзгереді.


«Әлеуметтік инженерия әдістерін қолдана отырып, алаяқтар шоттағы күдікті операциялар немесе несие алуға әрекет туралы хабарлайды. Көбінесе олар өздерін полиция немесе прокуратура қызметкерлері санатында таныстырады және банктің жемқор қызметкерлерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін азаматтарды шоттан не депозиттен ақшаны кейіннен ұрланған ақшаны одан әрі аудару не қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланылатын «қауіпсіз» шотқа аударуға көндіреді. Азаматтардың қолдарында бар мүлікті (пәтер, автокөлік) кепілге қоюға немесе сатуға көндірген жағдайлар да тіркелді», - деді спикер. 


Бұл ретте Жандос Сүйінбай ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе оның сенімін теріс пайдалану арқылы жасалған алаяқтық үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе ұйымдасқан топ құрамында жасалған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.