«Балаларды ауыр жұқпалы аурулардан қорғаудың жалғыз жолы – иммунопрофилактика. Осыған байланысты ата-аналар дәрігердің ұсынымдарын орындап, балаларды вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы уақытылы егу керек», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Биыл 15 шілдедегі жағдай бойынша 324 мыңнан астам бала (қызылшаға қарсы 85 мыңнан астам, көкжөтелге қарсы - 103 мыңнан астам бала) егілді.

ДСМ өкілінің айтуынша, елімізде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Биыл маусымда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 91%-ға, мамыр айымен салыстырғанда 42,5%-ға төмендеген.

«Соңғы аптада қызылшаның 94 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 72 жағдайға төмендегені байқалады», - деді спикер.

Сонымен қатар, шілде айының басынан бастап көкжөтелмен сырқаттанушылық төмендеген: соңғы аптада көкжөтелдің 60 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 50 жағдайға азайды.

«Қызылшамен және көкжөтелмен сырқаттанушылық вакцинацияланбаған балалардың есебінен тіркелуге, бұл науқас балалар санының 80-нен 90%-на дейін құрайды. Балалардың 61%-ы екпеден бас тартуға, 22%-ы медициналық көрсеткіштер бойынша кейінгі қалдыруға, 17%-ы егу мәртебесіне жетпеуіне байланысты егілмеген», - деді ДСМ өкілі.

Қыркүйек айында 11 жастағы қыз балаларды Адамның папиллома вирусына қарсы вакцинациялау жоспарлануда. АПВ-ға қарсы вакцинацияға АПВ-ның барынша онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайтын «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады.

«АПВ-ға қарсы вакцинация онкологиялық аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының ауыртпалығын азайтуға мүмкіндік береді және жалпы халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға және онкологиялық аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге ықпал етеді. Қазақстанда жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші орында және сүт безі обырынан кейінгі фертильді жастағы (25-44 жас) әйелдердің өлімінің екінші себебі болып табылады», - деді Зәуре Ахметова.