«Біз басқа министрліктердегі әріптестерімен өзара іс-қимылды кеңейте отырып, осы бағытта одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік-еңбек саласының цифрлық экожүйесі қызмет көрсету сапасын жақсарту, процестердің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында еңбек және әлеуметтік саясаттың әртүрлі аспектілерін қамтитын интеграцияланған платформаны ұсынады. Министрліктің цифрлық экожүйені дамытудағы басты міндеттерінің бірі – әлеуметтік-еңбек қатынастарын адамға бағдарлануға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағыттау», – деді вице-министр.

Министрлік еңбек нарығының кәсіптік бағдарлаудан бастап еңбек қатынастарын ресімдеуге дейін барлық негізгі процестерін қамтитын бірыңғай жүйе қалыптастырды. Еңбек нарығындағы көші-қон процестерінің маңыздылығының артуын ескере отырып, қолданыстағы ақпараттық жүйелер белсенді дамытылып жатыр. Олар көші-қон ағындарын басқаруды оңтайландыруда және құқықтарды қорғауда шешуші рөл атқарады. Цифрландыру әлеуметтік қызметтердің инклюзивтілігін арттыруда да маңызды рөл атқарады. Оның арқасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар еңбек нарығына және әлеуметтік қамсыздандыруға тең қол жеткізе алады, бұл олардың әлеуметтік интеграциясына ықпал етеді және өмір сүру сапасын жақсартады.

Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік саясатты іске асыру 6 бағыт бойынша жүзеге асырылады: жұмыспен қамтудың бейімделгіш және тұрақты жүйесін құру; көші-қон ағындарын басқарудың ашық және тиімді жүйесін құру; еңбекті қорғау мен қауіпсіздіктің цифрлық экожүйесін дамыту; мемлекет, бизнес, кәсіподақтар мен қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығы мен тиімділігін арттыру; азаматтар үшін әлеуметтік кепілдіктердің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз ету; атаулы әлеуметтік көмектің атаулылығы мен тиімділігі, қоғамның инклюзивтілік деңгейін арттыру.