Оның сөзінше, Үкімет 33 тармақтан тұратын қант саласын дамыту бойынша кешенді жоспар қабылдады. АШМ қажетті шараларды әзірлеу үшін сарапшылармен талқылауды жоспарлап отыр.  


«Кешенді жоспар шеңберінде егіс алқаптарын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар көзделген. 2024 жылға қарай қант қызылшасына арналған егіс алқаптары 25 мың гектарға дейін ұлғайтылады деп жоспарлануда. Биыл 10,1 мыңнан 16,1 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, құрақ қант әкелу кезінде осы жылы импорттық бажды нөлге теңеу көзделген. Қазір бұл мәселені ЕЭК отырысына шығаруды жоспарлап отырмыз. Қант қызылшасын қант зауыттарына килограммы үшін 15 теңгеден 25 теңгеге дейін тапсыруға арналған нормативтер мен субсидиялар тартылды. Жол картасы аясында қант зауыттарын айналым схемасы бойынша қаржыландыру шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, облыс әкімдіктерімен қант зауыттарын қаржыландыруға 25 млрд теңге бөлінбек. Оның ішінде, біздің ақпаратымыз бойынша, бүгінгі таңда 14 млрд теңге бөлінді», – деді спикер.