Спикердің сөзінше, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары тиісті заң жобасына бастамашылық жасады, оған Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда қол қойды.
«Заңның негізгі бағыттары тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару тетігін жақсарту, кондоминиум объектілерін басқару және күтіп ұстау жөніндегі қызметте ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің осы процестерге қатысуы болып табылады», - деді Руслан Лепесов.