Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында киіктерге қатысты жағдайды сараптамалық талқылау барысында ҚР ҒЖБМ Зоология институтының биоценология және аңшылықтану зертханасының меңгерушісі Константин Плахов мәлімдеді.


Осы ғасырда да бұл бірегей жануарлардың жаппай қырылуы орын алды. 2003 жылы киіктердің саны 20 мыңға дейін төмендеді.


«Қазақстанда киіктер популяциясын сақтау бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды. Бұл ретте киіктер көбіне-көп аз уақыт ішінде мал басын қалпына келтіру және көбейту қабілетіне байланысты Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген», - деді спикер.