Әсіресе бір кальянды бірнеше адам тұтынған кезде бұл бактериялар кальян ыдыстарына ингаляция және дем шығару барысында сілекеймен бірге түседі. 

«Кальянның, кальян қоспасының зияны анық. Ең алдымен, өкпе жүйесі зардап шегеді, тотығу өнімдері өкпенің зақымдануына алып келеді. Сонымен қатар, кальяндарда никотин бар, ол темекі өнімдерін тұтынуды жалғастыруға ықпал етеді. Осыған байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысымен қоғамдық орындарда кальян мен кальян қоспаларын қолдануға тыйым салынды. 2020 жылы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс қабылданып, оның шеңберінде кальян мен кальян қоспаларын пайдалануды ішінара реттеу шаралары қолданылды. Бүгінгі таңда кальянға арналған темекі мен кальян қоспасы темекі өнімдеріне жатады және оларға қатысты темекі өнімдеріне қатысты нормалар қолданылады, яғни бұл қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салу. Өнімнің бұл түрін қолдануға, таратуға рұқсат етіледі, акциздер салынады, бірақ қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салынады», – деп атап өтті спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде. 

Атап өтерлігі, Қазақстан қосылған Шеңберлі конвенцияға сәйкес түтінсіз кеңістікті қатамасыз ету талаптарын сақтау қажет. Өйткені түтін тұтынушыға ғана емес, оның қоршаған ортасына да әсер етеді.