Оның хабарлауынша, Орталық педагогтардың кәсібилігін арттыру үшін жағдай жасауды жалғастыруда. 2024 жылы мұғалімдер үшін 26 іс-шара өткізілді, соның ішінде оқу-әдістемелік семинарлар, мектеп басшыларына арналған тренингтер мен шеберлік сыныптары өткізілді, оларға 5 000-нан астам педагог пен психолог қатысты.
Әдістемелердің тиімділігі жыл сайын осы іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері республикалық «Үздік педагог» атағына ие болуымен дәлелденеді.


«Қазіргі уақытта дарынды оқушылармен жұмысты цифрландыру мәселелері қолға алынуда. Мысалы, SMART DARYN ұлттық цифрлық платформасы құрылып жатыр. Бұл жоба мектептер, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдету, білім беру ресурстарына тікелей қолжетімділікті қамтамасыз ету және білім беру процесіндегі байланыс сапасын арттыру тұрғысынан маңызды қадам болмақ. Сонымен қатар DARYN ALUMNI қазақстандық жаттықтырушылар пулын дамыту жалғасады, бұл ерекше қабілеттерді көрсететін балалармен жұмыс істеу үшін жоғары білікті мамандарды тартуды қамтамасыз етеді. Осы бағытта халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген мектептердің табысты тәжірибелерін таратуға көмектесетін ассоциациялар құрылады»,-деді спикер.

 

2025 жылдың басында 15 елден 700-ден астам қатысушының қатысуымен Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілді. Интеллектуалдық шара Қазақстанның әлемдік білім беру қауымдастығында жаңа жеңістерге жету және позицияларын нығайту жолындағы келесі қадамдарын айқындады.