Спикер атап өткендей, қазір күту парағында 4384 реципиент бар. Донор табылғаннан кейін барлық сынақ пен медициналық көрсеткіштер донорлар мен реципиенттердің ақпараттық жүйесіне енгізіледі. 

«Бағдарлама автоматты түрде ең үйлесімді реципиентті таңдайды. Тиісінше, операцияларды таныстық арқылы өткізу мүмкін емес. Бұл процесс адам факторын жоққа шығарады – ол толығымен ашық. Трансплантологтар соңына дейін ағзаның қайдан келетінін білмейді», – деді спикер.

Қайрат Иманбаев Қазақстандағы барлық трансплантация тиісті деңгейде орындалатынын атап өтті. Сондықтан шетелге барудың немесе шетелдік мамандарды шақырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ спикердің айтуынша, бүгінгі таңда басты мәселе – қоғамның жеткіліксіз хабардарлығы. Тірі кезінде қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім білдіретін азаматтар өте аз.