Маусымдық тұмауға шалдығумен қатар, КВИ жұқтыру жағдайлары да артуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық жұқпалы аурулар орталығының басшысы Татьяна Чецоева мәлімдеді. Ол вирустық инфекциялардың алдын алудың негізгі жолдарын тағы да еске салып өтті. Спецификалық профилактика - халықтың осал тобын вакцинациялау: балалар, жүкті әйелдер, жиі ауыратын, коморбидті фоны бар адамдар. Спецификалық емес профилактика - бұл жеке гигиена, қол жуу, бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, науқас адамды оқшаулау және емдеу, дененің қорғаныш қасиеттерін арттыратын препараттарды қабылдау.

«Халықтың 70-75%-ы КВИ-ді жеңіл және симптомсыз түрде тасымалдайды. Алғашқы белгілері: дене температурасының көтерілуі, бұлшық еттің ауыруы, бас ауруы, іш өту, иіс сезудің жоғалуы. Бұл белгілер бір уақытта және бөлек те пайда болуы мүмкін. Әлсіздік пен тершеңдік, тыныс алудың қиындауы және/немесе ентігу, кеуде қуысында ауырсынудың пайда болуы төменгі тыныс алу жолдарының зақымдануы мен пневмонияның дамуының белгілері. Пациент жоғарыда аталған белгілер болған жағдайда, тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емханаға хабарласуы керек. Одан әрі емдеу тактикасын медицина қызметкері анықтайды», - деп атап өтті дәрігер.