Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы шеңберінде Қазақстан-Қытай және басқа да шекараларда бірқатар тексерулер жүргізілді

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Қытаймен кедендік шекарадағы "бардакты" жоюды тапсырған болатын. Оның айтуынша, бюджет кірісін арттырудың маңызды әлеуеті кеденде тәртіп орнатуда жатыр. Әсіресе Қытаймен шекарада. Ол жерде болып жатқан нағыз тәртіпсіздік баршаға белгілі. Көліктер тексерілмейді, салықтар мен алымдар төленбейді. Айна статистикасының Қытай кеден органдарымен сәйкес келмеуі миллиардтаған долларға жетеді. Қол тигізбейтін мәртебесі бар кейбір уәкілетті операторлар бар. Ел салық түрінде ондаған миллиард теңге жоғалтуда. Бұдан әрі олай болмайды", - деген еді Тоқаев.   Ол кешенді тексеру жүргізіп, кедендік шекарада тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.