ОРЫНДАЛДЫ:

✅  Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласында 10 сейсмикалық станция, оның ішінде 5 үздіксіз тіркеу сейсмикалық станциясы және 5 күшті қозғалыс сейсмикалық станциясы орнатылды;

✅  Белсенді ақауларды зерттеу үшін 4 портативті сейсморадон аппаратурасы сатып алынды және орнатылды;

✅  2022 жылы Атырау облысында, Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан облысында және Қызылорда облысында 4 жаңа сейсмикалық пункт іске қосылды. ШҚО мен Түркістан облысында тағы 3 сейсмикалық станцияны іске қосу және жаңғырту жұмыстары жалғасуда;

✅  Алматы қаласының аумағында жойқын жер сілкінісі туралы ерте хабарлаудың 9 автоматтандырылған жүйесі орнатылған. 2023 жылға дейін қосымша 28 станция орнату жоспарлануда.