🔺 Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет соңғы үш жылда жаңадан 592 мектеп ашылып, қолданысқа берілді. Оның ішінде 314 мектеп мемлекеттік бюджет есебінен салынса, 278 мектеп жекеменшік инвесторлар есебінен бой көтерді.
🔺 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салу тапсырмасын іске асыру бойынша жол картасы бекітіліп, іске асырылып жатыр.
🔺 2022 жылдың соңына дейін бюджет қаржысына жаңадан 117 мектеп және 99 жекеменшік мектеп ашу жоспарланып отыр.
🔺 Президенттің биылғы жолдауы аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында 2023-2025 жылдар аралығында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 800 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланған.