Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылдың 13 желтоқсанында сағат 12:20 ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық шараларына қатысты баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ;

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айбатыр ЖҰМАҒҰЛОВ.

ҚР Парламент Мажілісінің депутаты Иван Клименко.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау және өзге де мәселелер бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефонына хабарласып немесе sck.astana@gmail.com электрондық мекен-жайы арқылы 2019 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.