Құрметті БАҚ өкілдері!
2020 жылғы 16 қаңтар күні сағат 12:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар туралы баспасөз конференциясы өтеді.
СПИКЕР:
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов;
ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Мақсат Арғынбеков;
ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Ғани Мұратов.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 16 қаңтар күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.