Құрметті БАҚ өкілдері!
22 қаңтар күні сағат 16:20-дa Орталық коммуникациялар қызметінде Агроөнеркәсіп кешеніне инновациялық технологияларды енгізу аясында атқарылып жатқан жұмыстарға арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Спикер: А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев.
Іс-шаралар барысында спикер:
- Ғылыми орталықта іске асырылып жатқан нақты егіншілік жобасының алғашқы нәтижелері туралы;
- Астықтан 46,5 центнер өнім алған орталық ғалымдарының жетістігі туралы;
- Орталықтың материалдық-техникалық базасы туралы;
- Ғылыми-өндірістік орталықта басталған көктемгі егіске әзірлік барысы туралы айтып береді.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау жөніндегі және басқа да қызықтырған сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны немесе мына электрондық мекен-жайға sck.astana@gmail.com 2019 жылғы 22 қаңтар сағат 15:00-ге дейін жүгінуге болады.