Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 7 ақпан күні сағат 11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қазақ күресі федерациясының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары аясында баспасөз мәслихаты өтеді. Қазақ күресі федерациясы тарапынан "2016-2021 жылдарға арналған қазақ күресін дамыту бағдарламасы" қабылданған. Аталған бағдарлама аясында 2020 жыл ғылыми-әдістемелік және медиа жылы болып бекітілді.

СПИКЕР: ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Дәурен Абаев;

ҚР қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бакдаулет Сабитов;

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 7 ақпан күні сағат 09:30-ға дейін хабарласуға болады.