Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 23 қаңтар күні сағат 12:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша атқарылып жатқан шараларға арналған баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕР:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы - Людмила БЮРАБЕКОВА;

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - Жандарбек БЕКШИН.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 23 қаңтар күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.