Құрметті БАҚ өкілдері!
19 наурыз күні сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «QAZAQSTAN», «QAZSPORT», «Tamasha Tv», «balapan» және аймақтық филиалдардың қатысуымен Наурыз мерекесіне арналған баспасөз-конференциясы өтеді. Брифингтің тақырыбы: Телеарналардың - Наурызға тартуы!
Спикерлер: «QAZAQSTAN» - телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, «QAZSPORT» - телеарнасының директоры Павел Цыбулин, «Tamasha Tv» - телеарнасының директоры - Есен Елеукен, «balapan» - телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай және аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясының директоры - Ержанар Әшейхан.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша. +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 19 наурыз күні сағат 14:00-ге дейін хабарласуға болады.