Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылдың 24 сәуірінде сағат 17:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстандағы көктемгі егіс науқанының барысы және қаржыландыру жұмыстарының атқарылуына арналған онлайн баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров;

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков;

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Бағлан Құлтаев;

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасы Қанат Қарауылов.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 12 наурызындағы № 20-ПГВр “Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шараларын күшейту туралы” қаулысына сәйкес, ОКҚ баспасөз шаралары онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Тікелей көрсетілім Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube https://www.youtube.com/user/ortcomkz және Facebook https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz желісіндегі парақшаларында өткізіледі.