Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 10 наурыз күні сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шектеулі шараларды одан әрі күшейту туралы баспасөз маслихаты өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің төрағасының орынбасары - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин;

«Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Иммундау жөніндегі консультативтік комиссияның төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева;

«МУА» АҚ №1 балалар аурулары кафедрасының профессоры, аллерголог, иммунолог Рафаил Розенсон.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 10 наурыз күні сағат 14:30-ға дейін хабарласуға болады.