Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Адам дамуы туралы 2019 жылғы есебіне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

Якуп Бериш, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі;

Меруерт Қазбекова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, Кәсіпкер әйелдер одағының төрағасы;

Батжан Ақмолдина, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық зерттеулер институтының Әлеуметтік-демографиялық зерттеулер орталығының директоры.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 9:30-ға дейін хабарласуға болады.