Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 4 наурыз күні сағат 14:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Бизнестегі іскер ханымдардың табыс кілті: Жобалар, бастамалар және алдағы жоспар» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат РАМАЗАНОВА,

Ақтөбе облысының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Кульпаршин АЙДАРХАНОВА,

Ақтөбе облысының Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Надежда ШАБАЕВА,

Жамбыл облысының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгуль АКЧАЛОВА,

Ақмола облысының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гульмира КУСАИН.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 4 наурыз күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.