Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылдың 18 қазанында, сағат 16:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Бюджеттеу – тиімсіз шығындарды жою» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕР:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бірінші орынбасары ШОЛПАНҚҰЛОВ Берік Шолпанқұлұлы.

Брифинг барысында спикер атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға қатысты ағымдағы жағдайы және оның жеке азаматтарға төлемдерін тоқтата тұру себептері туралы, сондай-ақ АӘК 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалай көрсетілетінін, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға қандай жаңа қолдау шараларын әзірлегені жайлы айтып береді.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау және өзге туындайтын сұрақтар бойынша +7(7172)55-93-40 телефоны арқылы, sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы немесе WhatsApp мессенджері бойынша 2019 жылғы 18 қазан күні сағат 15:00-ге дейін хабарласуға болады.