Құрметті БАҚ өкілдері!
2020 жылғы 16 наурыз күні сағат 18:00-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елде енгізілген төтенше жағдай бойынша ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру аясында онлайн баспасөз конференциясы өтеді.
СПИКЕРЛЕР:
ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Кесікбайұлы Омаров;
ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша қабылданған шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ОКҚ баспасөз шаралары YouTube және Facebook парақшаларында онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Сұрақтарыңызды YouTube желісіндегі онлайн чат арқылы қоя аласыздар. Ол үшін аты-жөніңізді, БАҚ атауын көрсетіп, сұрағыңызды жаза аласыз.