Құрметті БАҚ өкілдері!
2020 жылғы 26 ақпан күні сағат 16:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Халықаралық Франкофония Ұйымының 50 жылдық мерейтойы мен #FrankofonıNaýryzy 2020 мәдени іс-шаралар маусымына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
СПИКЕРЛЕР:
Бельгияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алекси де КРОМБРЮГХЕ де ПИКЕНДАЛЬ,
Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николя БРУССО,
Марокконың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абделжалил САУБРИ,
Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал Ехия ЭЛЬШИННАВИ,
Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп МАРТИНЭ,
Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Урс ШМИД.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 26 ақпан күні сағат 15:00-ге дейін хабарласуға болады.