Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 21 сәуір күні сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңірлердегі су тасқынына қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы онлайн баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин;

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов;

“Қазгидромет” РМК гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 12 наурызындағы № 20-ПГВр “Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шараларын күшейту туралы” қаулысына сәйкес, ОКҚ баспасөз шаралары онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Тікелей көрсетілім Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube https://www.youtube.com/user/ortcomkz және Facebook https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz желісіндегі парақшаларында өткізіледі.