Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 12:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингі негізінде бизнеске арналған кадрларды даярлау мәселелерін талқылауға байланысты баспасөз конференциясы өтеді. Тақырып: «ЖОО рейтингі: Қазақстанның 60-тан аса жоғары оқу орны келешек жұмыссыздарды даярлауда»

СПИКЕРЛЕР:

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас ОРДАБАЕВ;

ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Гүлзат КӨБЕНОВА;

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 10:00-ге дейін хабарласуға болады.