Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылғы 7 қараша күні сағат 14:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Салықтық рақымшылық, онлайн БКМ және патент қолдану тәртібі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕР: Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар ІҢКӘРБАЕВ; МКК цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының м.а. Заңғар ШЫҢДАЛИ; МКК кәсіпкерліктің жеке түрлеріне салық салу басқармасының басшысы Гүлмира СМАҒҰЛОВА.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 7 қараша күні сағат 12:30-ға дейін хабарласуға болады.