Құрметті БАҚ өкілдері!
2020 жылғы 14 наурыз күні сағат 10:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынатын шаралар жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.
СПИКЕРЛЕР:
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов;
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова;
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 14 наурыз күні сағат 09:30-ға дейін хабарласуға болады.