Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 5 ақпанда сағат 16:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысының нәтижесіне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕР:

ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Абзал Мұхимов ,

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидулла Оспанқұлов,

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев,

ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, ұлттық комиссия мүшесі Ұлықбек Есдәулет.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау және басқа да қызығушылық танытқан мәселелер бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны бойынша немесе электрондық пошта арқылы хабарласуға болады. sck.astana@gmail.com 2020 жылғы 5 ақпан сағат 15:00 - ге дейін.