Құрметті БАҚ өкілдері!

ҚР-да көптеген жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қандай? Қазақстанда эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр? Жұқпалы аурулардан сақтану және алдын алу шаралары қандай?

Осы және басқа сұрақтардың жауабын, 2019 жылдың 18 қазанында, сағат 12:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтетін баспасөз конференциясында ала аласыздар.

СПИКЕР:

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің төрағасының орынбасары, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек БЕКШИН.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау және өзге туындайтын сұрақтар бойынша +7(7172)55-93-40 телефоны арқылы, sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы немесе WhatsApp мессенджері бойынша 2019 жылғы 18 қазан күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.