Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылғы 19 қараша күні сағат 14:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Seedstars Summit CEE бірінші өңірлік саммитіне арналған баспасөз конференциясы өтеді. Саммит өз алаңына әлемнің 20 елінен екі жүзден астам қатысушы жинауды көздейді. Саммиттің қорытындысы бойынша Швейцарияның Лозанн қаласында Seedstars Summit 2020-ға ең үздік әрі перспективті кәсіпорындар іріктелетін болады.

СПИКЕР: "Астана Innovations" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары» Нұрсұлтан ҚАЛДЫБАЕВ "Астана Innovations" АҚ ресми өкілі, баспасөз хатшысы Әсел ӘЛІМХАНОВА Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша Seedstars аймақтық директоры Агахусейн АХМАДОВ Seedstars Summit CEE аймақтық саммит менеджері Евгения ШЕВЧЕНКО

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 19 қараша күні сағат 12:30-ға дейін хабарласуға болады.