Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 4 ақпан күні сағат 12:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасындағы Еріктілер жылына арналған қиын өмірлік жағдайдағы азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету бойынша «Қорғау» әлеуметтік науқанының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы Кожахмет Мадияр;

"Eurasian Expert Council" қорының президенті, Qorgau жобасының жетекшісі Лепсібаев Шыңғыс;

Adilzanger Заң кеңесшілері палатасының атқарушы директоры Хамитова Жібек.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 4 ақпан күні сағат 11:30-ге дейін хабарласуға болады.