Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 16 наурыз күні сағат 17:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елде енгізілген төтенше жағдай бойынша ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру аясында онлайн баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕР:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша қабылданған шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ОКҚ баспасөз шаралары онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Онлайн көрсетілім Хабар 24 және ОКҚ-нің ресми парақшаларында жүргізіледі.