Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 15 сәуір күні сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында төтенше жағдай уақытында интернет желісінің жұмысы бойынша онлайн баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Тұяқов Дарын Шылбыұлы;

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы;

Beeline Казахстан бас атқарушы директоры Настрадин Евгений Иванович.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 12 наурызындағы № 20-ПГВр “Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шараларын күшейту туралы” қаулысына сәйкес, ОКҚ баспасөз шаралары онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Тікелей көрсетілім Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube https://www.youtube.com/user/ortcomkz және Facebook https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz желісіндегі парақшаларында өткізіледі.